Сейіт Асқарұлы Қасқабасов

171204-13Сейіт Асқарұлы Қасқабасов – 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында туған. Ол әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, прозалық фольклорды дамыту және ауызша прозаны жанрлық жіктеуді жасау тұжырымдамасына қосқан үлесі зор.

Білімі

1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы N912 қазақ орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иснтитутының аспирантурасын бітірген. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

Академиялық атақтар, дәрежелері.

Филология ғылымдарының докторы (1989 ж.), профессор (1996 ж.). ҚР ҰҒА академигі. Дүниежүзілік Шыңғысхан академиясының (Моңғолия), Халықаралық Айтматов академиясының (Қырғызстан) академигі.

Еңбек жолы

  • 1970-1981 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшы әрі «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы.
  • 1981-1983 жылдары Москвадағы СССР Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер.
  • 1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
  • 1989 жылы Москва Мемлекеттік университетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
  • 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде консультант қызметіне тағайын-далып, әдебиет және өнер саласына жауапты болған және саяси репрессияға ұшыраған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. арыстарымызды ақтау жұмысына қатысып, қажетті құжаттарды дайындаған.
  • 1990 жылы Орталық Комитетте жаңадан құрылған Саяси процестер социологиясы орталығын басқарған. Мұнда сондай-ақ Идеологиялық комиссиясының мүшесі әрі Орталық жетекшісі ретінде кезінде қате қабылданған көптеген саяси-партиялық құжаттардың күшін жою және жазықсыз тыйым салынған ақын-жазушылар мен қайраткерлерді ақтау қажеттігі туралы Жұмыс тобын басқарған. *1991 — 1992 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Аппаратында Мәдениет секторының жетекшісі, Білім, ғылым және спорт, жастар ісі бөлімінің орынбасары болған.
  • 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Комиссиясының төрағасына тағайындалып, ЖАҚ-ты құрып, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беруге және ғалымдарды аттестациялау-ға қажетті Ережелерді жазған.
  • 1993 жылы ТМД елдері Жоғары Аттестациялық Комиссияларының Ассоциациясын құрып, оның төрағалығына сайланған.
  • 1994 — 1997 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында институт директорының орынбасары, Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997 — 2001 жылдары Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия» ғылыми орталығын, шығыстану факультетін ұйымдастырып, басқарған, қазақ фольклоры мен әдебиет тарихы бойынша дәріс оқыған.
  • 2001 жылдан бері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері :

«Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992),«Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса зерттеу жұмыстарының авторы.

Бүгінде ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Қоғамдық қызметі. Ұйымдар мен Қорларға мүшелік ету

Халықаралық фольклористер қоғамының мүшесі (Финляндия, 1992), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003), Халықаралық Айтматов академиясының мүшесі (Қырғызстан, 2007).

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағына ие болған.

М.Шолохов және Ұлы Петр атындағы ресейлік медальдармен марапатталған.

2011 жылы ТМД жалпы ғылым және білім кеңістігін дамытуға жәрдемдесетін ғылым және білім саласындағы зор үлесі үшін мемлекетаралық «Достастық Жұлдыздары» сыйлығымен марапатталды.

 

На wordpress создание тем и шаблонов.